Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан халықаралық сында бес медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Айбота Ертайқызы бес медаль жеңіп алды
Айбота Ертайқызы: instagram/bota_2004

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Венгрияның Будапешт қаласында өткен Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде бес медаль иеленді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айбота ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, көпсайыстан және таспамен жаттығудан күміс жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұдан бұрын ол аталған турнирде доппен жаттығудан күміс, шығыршықпен жаттығудан қола медаль иеленді.

Венгриядағы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Ділназ Байленова доппен жаттығуда үздік үштікке енді.

Айбота Ертайқызы командаласы Эльжана Таниевамен бірге Ресейдегі Ирина Винер академиясында жаттығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985338-aibota-ertaiqyzy-korkem-gimnastikadan-xalyqaralyq-synda-bes-medal-zenip-aldy/

pixel