Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада алтынынан айырылған қазақстандық спортшы әлемдік ұйымды сотқа берді

Опубликовано:

Ниджат Рахимов Халықаралық федерацияны сотқа берді
Ниджат Рахимов. Фото: olympic.kz

Рио Олимпиадасында Қазақстан атынан сынға түсіп, алтын медаль иеленген әзірбайжандық Ниджат Рахимов Халықаралық ауыр атлетика федерациясын (IWF) сотқа берді. Бұл туралы media.az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан 77 келіде Рио Олимпиадасында сынға түсіп, топ жарған болатын.

Алайда 2021 жылдың қаңтарында Халықаралық допингке тексеру агенттігі (ITA) Рахимовтен алған зәр сынамасы ауыстырылған деген күдікпен оған айып тақты.

Халықаралық спорттық арбитражды сот (CAS) 2022 жылдың 22 наурызынан бастап Рахимовты 8 жылға спорттан шеттетіп, спортшының 2016 жылдың 15 наурызы мен 2021 жылдың 18 қаңтары аралығындағы барлық нәтижесі жоққа шығарылды. Соның нәтижесінде Рахимов Рио Олимпиадасында жеңіп алған алтын медалінен де айырылған болатын.

Зілтемірші бұл айыппен келіспей, Халықаралық ауыр атлетика федерациясын сотқа берген. Өз кезегінде ауыр атлетика ұйымы да Ниджат Рахимовтың үстінен сотқа арыз қалдырды.

Аталған шағымды Спорттық арбитражды сот (CAS) 22 қыркүйекте қарайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985341-olimpiada-altynynan-aiyrylgan-qazaqstandyq-sportsy-alemdik-uiymdy-sotqa-berdi/

pixel