Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өтті

Опубликовано:

Александр Бублик келесі кезеңге өтті
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге бастапқы кездесуін америкалықтар Фрэнсис Тиафо - Денис Кудламен өткізді.

Қазақстандық-даниялық жұп 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бублик пен Руне екінші айналымда франциялықтар Кентен Гали - Адриан Маннариномен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге алғашқы айналымда аргентиналықтар Томас Мартин Этчеверри - Себастьян Баэсті тізе бүктірді - 6:1, 7:5. Олар екінші айналымда «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сындағы жеңімпазы, сальвадорлық Марсело Аревало - «Үлкен дулығаны» төрт рет ұтқан нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кездеседі.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Андрей Голубев жарыс жолынан шығып қалды. Ол испаниялық Педро Мартинеспен бірге әлемдегі үздік дуэттердің бірі, германиялық Тим Пюц - жаңазеландиялық Майкл Винусқа есе жіберді - 7:6 (7:4), 2:6, 4:6.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985780-aleksandr-bublik-pen-aleksandr-nedovesov-zuptyq-synda-aqs-asyq-cempionatynyn-ekinsi-ainalymyna-otti/

pixel