Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch – Qazaqstan Kybogy 2022: бас жүлде үшін соңғы шайқас

Опубликовано:

Parimatch Kazakhstan
Фото: Parimatch Kazakhstan

Бүгін Нұрсұлтан қаласында шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогының финалы өтеді. Матч "Барыс Арена" мұз сарайының алаңында өтеді.

Титулдық серіктесі Parimatch болып табылатын қарағандылық "Сарыарқа" және көкшетаулық "Арлан" командалары биылғы жылдың финалистері атанды.

"Арлан" "В" тобында бірінші орыннан плей-оффқа шықты. "Қасқырлар" алғашқы кездесуін мұз иелері "Алматы" хоккей клубымен өткізді. "Арлан" қақпаны "құлыптап" қойып, үш нәтижелі шайбамен көзге түсті.

Көкшетаулық клуб үшін "Горнякқа" қарсы ойын оңай емес болғанымен, овертайм 4:5 есебімен Рудный командасының жеңілісімен аяқталды. Айта кету керек, Қазақстан Кубогының жартылай финалында "Арлан" тағы да "Горнякпен" кездесіп, қарсыласына бірде-бір мүмкіндік қалдырмады: 7 тамаша гол соғып, бірде-бір шайбаны қақпасына жіберіп алмастан жеңіске жетті.

Өскемендік "Торпедо" да 5 шайбаны қақпасына өткізіп алып, жеңісті бұл жолы да "Арлан" қанжығасына байлады.

Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері, "Сарыарқа" командасы чемпион атағын қорғауға және олжаны кеншілердің астанасында қалдыруға ниетті болып отыр.

Алғашқы матчты қарағандылықтар Ташкенттен келген "Хумо" командасымен өткізді, ойын буллиттер сериясымен алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Шабуылшы Саян Данияров жеңісті шешкен шайбаны соқты.

"Құлагер" командасымен қарсы ойында "Сарыарқаның" шабуылшысы Андрей Лагунов қақпаға қос голды соғумен ерекшеленді.

"Бүркіттер" өз аренасындағы соңғы матчта жеңісті Ақтөбеден келген қонақтарға беріп қойды. Үшінші кезеңнің аяқталуына 20 секунд қалғанда қарағандылықтар есепті 2:2-ге дейін теңестірді, бірақ матчтан кейінгі овертаймда лақтырулар сериясында "Сарыарқа" есепті теңестіре алмады. Матч 3:2 есебімен "Ақтөбе" пайдасына аяқталды. Алайда, бұл жағдай "бүркіттердің" топтағы бірінші орыннан жартылай финалға шығуына кедергі болмады.

Финалдағы орын үшін өткен матч хоккейге қызығушылық танытқандарды таң қалдырды. "Сарыарқа" павлодарлық "Ертіспен" кездесті. Жеңіске үміткер болмаған жас команда 5 шайбаны қазіргі чемпиондардың қақпасына гол соғып көпшілікті таң қалдырды. Бірақ тәжірибе өз нәтижесін берді. "Шағалаларға" 7 гол соғып, "Сарыарқа" Қазақстан Кубогының финалында қайтадан өзінің лайықты орнына ие болды.

"Қасқырлар" мен "бүркіттердің" қарсыластығы қазақстандық хоккейдің классикасына айналды. Жанкүйерлер финалды тағатсыздана күтуде, себебі дәл осы матч әсерлі, әрі болжауға келмейтін ойын болмақ.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 – 2.60, Х – 4.60, Ж2 – 2.0

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1985783-parimatch-qazaqstan-kybogy-2022-bas-zulde-usin-songy-saiqas/

pixel