Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open турнирі: Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының жұптық сынында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

АҚШ ашық біріншілігінде отандасымыздың бразилиялық Беатрис Аддад Майямен бірге жұптасып өнер көрсеткені белгілі.

Олар 1/8 финалда екі сетте Николь Меликар (АҚШ) / Эллен Перес (Аустралия) жұбына есе жіберді. Жалпы есеп: 3:6, 3:6.

Осылайша, Анна Данилина мен бразилиялық тениисші US Open турнирінің ширек финалына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, Анна Данилина жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі болып табылады. Ол WTA рейтингінде 19-орында тұр. Отандасымыздың ағымдағы жылдағы ең үздік нәтижесі - Australian Open турнирінің финалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986146-us-open-turniri-anna-danilina-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel