Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік каратэші Нұрқанат Әжіқанов Бакудегі Премьер-лига турнирінде чемпион атанды

Опубликовано:

Нұрқанат Әжіқанов Премьер-лигада жеңіске жетті
Нұрқанат Әжіқанов. Фото: olympic.kz

Әзірбайжанның Баку қаласында өткен каратэден Премьер-лига турнирінде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әжіқанов финалда ирандық спортшы Бахман Асгариден басым түсті. Одан бөлек, 60 келіде Қайсар Алпысбай, 67 келіде Дидар Әмірәлі турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Нұрқанат Әжіқанов 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы. Ол Олимпиада ойындарында әйгілі әзірбайжандық спортшы Рафаэль Агаевты ұтқан болатын.

Алайда өзге кездесулерде жеңіліс тауып, жартылай финалға шыға алмады.

Сондай-ақ, Нұрқанат каратэден Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері саналады. Нұрқанат Әжіқанов Ақтөбе облысының тумасы екенін айта кеткен жөн.

Каратэден Премьер-лига турнирі спортшыларға ұпай беретін рейтингілік бәсеке саналады. Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде аталған ұпайлар есепке алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986183-aqtobelik-karatesi-nurqanat-aziqanov-bakudegi-premer-liga-turnirinde-cempion-atandy/

pixel