Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды

Опубликовано:

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы көз жұмды
Көрнекі сурет: pixabay.com

4 қыркүйек күні 85 жасқа қараған шағында екі дүркін Олимпиада чемпионы Борис Лагутин қайтыс болды. Бұл туралы Ресей бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Борис Лагутин 1938 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ал бокспен 17 жасында айналыса бастайды.

20 жасында Мәскеу чемпионы атанып, 1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алады.

1964 жылы Токиода, 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиада ойындарында Лагутин қарсылас шыдатпай, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған.

1988 жылы боксшыға Халықаралық Олимпиада комитетінің олимпиадалық ордені табысталды.

Борис Лагутин КСРО-ның алты дүркін, Еуропаның екі дүркін, Олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986186-bokstan-eki-durkin-olimpiada-cempiony-omirden-ozdy/

pixel