Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зенит" намысын қорғайтын Нұрәлі Әліп алаңда небары бір минут ойнады

Опубликовано:

Нұралы Әліп алаңда бір минут өткізді
Нұралы Әліп: fc-zenit.ru

Футболдан Ресей чемпионатының 8-турында Санкт-Петербург қаласының "Зенит" командасы мәскеулік "Спартакты" жеңді, деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Зенит" Мәскеуде өткен матчта ежелгі қарсыласы "Спартакты" 2:1 есебімен ұтты. Петербургтық команда сапынан Деян Ловрен мен Андрей Мостовой гол соғып, көзге түсті.

"Зениттің" қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп те бұл матчқа қатысты. Ол ойынның 95-минутында алаңға шығып, Венделді алмастырды.

Алайда Нұрәлі ойын кезінде бірде-бір рет доп алған жоқ. Өйткені, небары бір минуттан соң ойын аяқталып, төреші матчтағы ақырғы ысқырықты шалған болатын.

Осылайша, Нұрәлі Әліп соңғы кездесуде бар-жоғы бір минут ойнады.

Айта кетелік, Қазақстан командасының ойыншысы Нұрәлі Әліп былтырғы күзден бері "Зенит" сапында доп тебеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1986216-zenit-namysyn-qorgaityn-nurali-alip-alanda-nebary-bir-minut-oinady/

pixel