Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған 15 жастағы қазақстандықты құттықтады

Опубликовано:

теннис
Алан Құрманғалиев. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді.

Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін үлкен теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986354-toqaev-aziya-cempionatynyn-qola-medalin-zenip-algan-15-zastagy-qazaqstandyqty-quttyqtady/

pixel