Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арабша үйреніп жүрмін": Бокстан Қазақстанның экс-бапкері неге Африкаға кетіп қалғанын айтты

Опубликовано:

Ерік Алғабек Марокко құрамасына неге кеткенін айтты
Ерік Алғабек. Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бұрынғы бас бапкері Ерік Алғабек жаңа командамен жұмыс істей бастады. Тәжірибелі бапкер Африкадағы әлеуетті командалардың бірі – Марокко құрамасын жаттықтыруда, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жаңа елде жаңа тыныспен жұмысын бастаған бапкер мұндай қадамға не үшін барғанын айтты.

"Маусым айында Марокконы бетке алдым. Олар маған мамыр айында ұсыныс жасаған болатын. Ересектер командасының тізгінін ұстатуды көздеді. Мен келісім бердім, өйткені, бұған дейін көбіне жастармен жұмыс істедім. Ал олар ұлттық құраманы сеніп тапсыратынын айтты. Әрине, Қазақстанда жұмыс та, спорт мектептері де бар ғой. Елде де жұмыссыз қалғаным жоқ. Бірақ маған өзге командамен, ересектермен жұмыс істеген ұнады. Өзімді жаңа тәжірибемен сынап көргім келді. Бұл жақ маған ұнап жатыр. Жақында келісшарт жасастық", - дейді Алғабек.

Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер командасының бұрынғы бапкері өзіне қандай талап қойылғанын айтты.

"Олардың ең басты талабы – Олимпиада ойындарында алтын алу. Бұл елде әлем чемпионатында жүлде алған, чемпион атанған боксшылар бар. Бірақ әлі ешкімге Олимп шыңы бағынбапты. Әлі күнге дейін Олимпиаданың финалына шыққан былғары қолғап шеберлері жоқ. Демек, менің келісімшартым Париж Олимпиадасы аяқталғанға дейін жарайды", - дейді қазақстандық жаттықтырушы.

Ерік Алғабек спортшылармен ағылшын тілінде түсінісіп жүргенін жеткізді.

"Ағылшынша түсіндіремін. Аздап арабша үйреніп жатырмын. Уақыт айырмашылығы 5 сағатқа тең демесеңіз, басқа жерінің барлығы бізге ұқсайды. Касабланка, Рабат қалалары ұнады", - дейді Марокко құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек.

Айта кетелік, Ерік Алғабек 2019-2021 жылдар аралығында бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен құрама команда әлем чемпионатының екі қоласын иеленсе, Надежда Рябец Токио Олимпиадасында бақ сынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1986398-arabsa-uirenip-zurmin-bokstan-qazaqstannyn-buryngy-bapkeri-afrikaga-nelikten-ketip-qalganyn-aitty/

pixel