Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі отандық боксшы Головкин-"Канело" жекпе-жегіне болжам жасады

Опубликовано:

Бокс
Фото: shutterstock

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 18 қыркүйек күні таңертең өтетін Геннадий Головкиннің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты

Айдос Ербосынұлы - WBA International, WBO Global, WBC Asian Continental және WBC Asian нұсқалары бойынша қазіргі чемпион, сондай-ақ екінші орта салмақтағы Шыңғысхан алтын белбеуінің иегері. Жаркент қаласының тумасы, өзінің кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған және әлі күнге дейін қатысқан 16 жекпе-жектен жеңіліп көрмеген, оның 11-ін нокаутпен аяқтаған. Бүгінгі таңда ол WBA рейтингінде орта салмақ бойынша бірінші орында тұр.

Ербосынұлы көптеген қазақстандықтар сияқты, Геннадий Головкиннің жеңісіне жанкүйер болады. Тәжірибелі боксшы ретінде Айдос GGG-дің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары деп санайды, бірақ нақты нәтижені болжау әлі де ерте екендігін айтып өтті.

"Боксшылар арасында айтылады: "ринг көрсетеді". Екі қарсылас та шайқасқа қызу дайындалуда, сондықтан олардың қайсысы чемпион болатынын айту қиын. Мен тек бір ғана нәрсеге сенімдімін — жекпе-жек өте әсерлі де қызықты болады".

Шайқасқа дайындық пен рингте өнер көрсетуде жаттықтырушы үлкен рөл атқарады. 2019 жылдың мамыр айында Головкин өзінің жаңа бапкері, Владимир Кличконың бұрынғы тәлімгері Джонатан Бэнксті жариялады. Бэнкстің өзі бұрынғы кәсіпқой боксшы, бірінші ауыр салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы. Кейбіреулер бапкерге Головкин стиліндегі өзгерістерді, тіпті Канеломен болған екінші жекпе-жекте жеңіліс тапқанына бапкерді айыптауда, бірақ Ербосынұлы бұл пікірмен келіспейді.

"Менің ойымша, Головкиннің техникасындағы өзгерістер жаттықтырушының кесірінен емес, жасына байланысты болды. Өкінішке қарай, тіпті белсенді жаттығулар да қартаю үдерісін тоқтата алмайды. Жылдар өтіп жатыр, сондықтан оған бұрынғы қарқынын сақтау қиынға соғып жатқан болар".

Биыл Головкин 40 жасқа толды. Оған мансабын аяқтау туралы сұрақтар бірнеше рет қойылған, бірақ қазақстандық чемпион қолғапты бұрышқа тастауға асығар емес. Ербосынұлы Головкин Альвареспен жекпе-жек өткізіп болған соң да бокстан кетпейтініне сенімді.

"Головкин Қазақстанның кәсіби бокс деңгейіндегі мәртебесін көтерді. Менің ойымша, бокс ол үшін бұл мансап қана емес, сонымен қатар бизнес. Әрбір жекпе-жек үшін ол қомақты ақы алады, сондықтан ол соңына дейін күресуді жалғастырады деп ойлаймын. Оны Джермелл Чарлоға немесе Деметриус Андрадаға қарсы рингте көру қызықты болар еді деп ойлаймын", - дейді Ербосынұлы.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі 18 қыркүйекте Лос-Анджелестегі (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді.

Осындай оқиғаның құрметіне Parimatch үш iPhone 14 және 2 000 000 теңгені ұтысқа салады. Біздің чемпионды қолдап, қомақты сыйлықтарға ие болыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1986555-belgili-otandyq-bokssy-golovkin-kanelo-zekpe-zegine-bolzam-zasady/

pixel