Чемпиондар лигасындағы сенсациялық жеңілістен соң "Челси" бас бапкерін қуып жіберді

Опубликовано:

Томас Тухель "Челсидің" бас бапкері қызметінен кетті
Томас Тухель: сhelseafc.com

Лондондық "Челси" клубы бас бапкер Томас Тухельдің қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ағылшындық клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Команда қожайындарының мұндай шешім қабылдауына "Челсидің" Чемпиондар лигасы аясында загребтік "Динамодан" 1:0 есебімен ұтылғаны себеп болған.

Ал ағылшын Премьер-лигасының алты турынан соң "аристократтар" алты ұпаймен алтыншы орында келеді.

"Челси " атынан Томас Тухельге үлкен алғыс айтамыз. Томас Чемпиондар лигасы, Суперкубок және клубтық әлем чемпионатындағы жеңістен соң "Челси" тарихында қалатыны анық. Қазір команданың бапкерлер құрамы алдағы матчтар үшін жауапты саналады. Себебі бас бапкер мәселесі тезірек шешілуі тиіс", - деп жазылған клубтың ресми хабарламасында.

Айта кетелік, Томас Тухель "Челсиді" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ол 2020/21 жылғы маусымда клубты Чемпиондар лигасында жеңіске жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1986597-cempiondar-ligasyndagy-sensaciyalyq-zenilisten-son-celsi-bas-bapkerin-quyp-ziberdi/