Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитовтың келесі қарсыласының кім екені белгілі болды

Опубликовано:

файтер
Фото: Instagram/kuat_khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитовтың келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хамитов келесі жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атырауда қаласында өткізеді.

Mergen Fighting Championship 3 турнирінде отандасымыз ресейлік спортшымен айқаспақ. Қарсыласы Василий Бабинцев.

Бастапқыда Хамитов украиналық Заки Файтуллазадемен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласта виза мәселесі туындаған. Нәтижесінде айқас өтпейтін болды.

Қуат Хамитов мансабында 23 рет жеңіске жетіп (оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған), жеті мәрте қарсыластарына есе жіберген. Василий Бабинцевтің есебінде төрт жеңіс және бес жеңіліс бар.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында 34 жастағы қазақстандық спортшы кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Кейін отандасымыз октагонға қайта оралу туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1986882-quat-xamitovtyn-kelesi-qarsylasynyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel