АҚШ-та түнгі үшке дейін ойнаған теннисшілер матчын жанкүйерлер тапжылмай тамашалады

Опубликовано:

US Open турниріндегі кездесу түнгі үшке дейін созылды
Карлос Алькарас: usopen.org

Теннистен "Үлкен Дулыға" турнирінің санатына енетін US Open-2022 турниріндегі ширек финалдық матчтардың бірі түнгі сағат 02:50-де аяқталды. Бұл туралы gotennis.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

US Open-2022 турнирінің ерлер арасындағы ширек финалдық матчында испандық Карлос Алькарас пен итальяндық Янник Синнер кездескен болатын.

Матч бес сетке созылып, испандық теннисші 6:3, 6:7, 6:7, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір қызығы, бұл кездесу Нью-Йорк уақытымен түнгі сағат 02:50-де аяқталған. Бұған дейінгі ұзақ матч 02:26-да мәресіне жеткен болатын.

19 жастағы Карлос Алькарас "Үлкен Дулыға" турнирінің жартылай финалына шыққан ең жас теннисші атанды. Бұған дейін 2005 жылы оның отандасы Рафаэль Надаль осындай рекордты тіркеген болатын.

Айта кетелік, матч түнгі үшке дейін жалғасқанына қарамастан, жанкүйерлер кездесуді ең соңына дейін тапжылмай тамашалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1986893-aqs-ta-tungi-uske-deiin-oinagan-tennissiler-matcyn-zankuierler-tapzylmai-tamasalady/