Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open: бірінші айналымда ұтылған Елена Рыбакинаның қанша пайда тапқаны белгілі болды

Опубликовано:

Елена Рыбакина 80 мың доллар пайда тапты
Елена Рыбакина: olympic.kz

Қазақстандық теннисшілер АҚШ ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Десе де, отандық спортшылар 2022 жылдың қорытынды жарысында қомақты қаржы ұтып алған, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина бірінші айналымда ұтылып қалғанына қарамастан, 80 мың АҚШ доллары көлемінде табысқа кенелді. Рыбакина франциялық қарсыласына есе жіберген болатын.

Екінші раундта ұтылған Юлия Путинцева 121 мың АҚШ долларын қалтаға басса, ерлер арасында екінші айналымға өткен Александр Бублик те дәл осындай сыйақыға иелік етті.

Айта кетелік, аталған қаражат тек жекелей сындағы нәтижеге байланысты көрсетілген.

Еске сала кетейік, US Open турнирінде ең кеш аяқталған матч белгілі болды. Испания және Италия теннисшілерінің арасындағы кездесу түнгі сағат үшке жақын аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1986901-us-open-turnirinin-birinsi-ainalymynda-utylyp-qalgan-elena-rybakinanyn-qansa-paida-tapqany-belgili-boldy/

pixel