Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен әлем чемпионаты: Аманғали Бекболатов жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Қазақстандық балуан балаларына арнап хат жазды
Аманғали Бекболатов. Фото: uww.org

Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні өтуде. Бүгін грек-рим күресінің өкілдері өзара мықтыны анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 55 келіде ел намысын қорғайтын Аманғали Бекболатов жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда ирандық балуанды жеңген болатын.

Финал жолдамасына таласта Бекболатов 2019 жылғы әлем чемпионы Нугзари Цурцумиямен кездеседі. Цурцумия Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының финалында қазақстандық Хорлан Жақаншаны ұтқан.

Бүгін кілемге шыққан Магомед Ибрагимов (72 келі) 1/8 айналымда ұтылса, Тамерлан Шадукаев (77 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ширек финалда венгриялық спортшыларға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987157-kuresten-alem-cempionaty-amangali-bekbolatov-zartylai-finalga-syqty/

pixel