Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңісімді қаңтар оқиғасының құрбандарына арнаймын": Қуат Хамитов 9 айдан соң рингке оралды

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Атырауда аралас жекпе-жектен "Mergen Fighting Championship 3" турнирі өтті. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей елдерінің спортшылары өнер көрсетті. Кештің басты жекпе-жектерінде Қуат Хамитов, Дамир Исмағұлов, Нұрберген Шәріпов сынды танымал спортшылар айқасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ең соңғы болып рингке көтерілген Қуат Хамитов әдеттегідей жекпе-жек алдында халыққа шоу көрсетіп, ақ маскамен шықты. Қазақстандық спортшы 24 жастағы ресейлік қарсыласы Василий Бабинцевті бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

"Мен бұл жекпе-жекке қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет шығып тұрмын. Денсаулығыма қатты зақым келіп, ұзақ емделдім. Сондықтан дайындық қиын болды. Рингке қайта оралғаныма қуаныштымын. Өзімнің жеңісімді қаңтар оқиғасында қайтыс болған бауырларыма арнаймын. Біз сіздерді ұмытпаймыз", деді Қуат Хамитов.

Қуат Хамитов
Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Келесі кездесуді Хамитов желтоқсан айында Атырау қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Спортшы өзінің қарсыласы ретінде Мариф Пираев немесе Нариман Аббасов көргісі келетінін жеткізді. Айта кетейік, Қуат Хамитов бұл спортшылармен бұрын кездесіп, олардан жеңілген болатын.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1987200-zenisimdi-qantar-oqigasynyn-qurbandaryna-arnaimyn-quat-xamitov-9-aidan-son-ringke-oraldy/

pixel