Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық төрт балуан әлем чемпионатының бірінші айналымынан аса алмады

Опубликовано:

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында ұтылып қалды
Дінмұхаммед Қошқар. Фото: uww.org

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінде кілемге шыққан төрт балуан бірінші кезеңнен асқан жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

63 келіде ел намысын қорғаған Ғалым Қабдынасыров бірінші белдесуде болгариялық Николай Ивановтан 0:9 есебімен ұтылды.

67 келідегі Қазақстан чемпионы Дінмұхамед Қошқар алғашқы айналымда франциялық Мамадасса Силламен кездесіп, 4:9 есебімен қарсыласқа жол берді.

82 келідегі Диас Қален өзбекстандық қарсыласынан 4:5 есебімен бірінші кездесуде жеңілді.

97 келідегі Ислам Умаев Өзбекстан құрамасының тәжірибелі балуаны Рустам Ассақаловқа 0:6 есебімен есе жіберді.

Кездесулер әлі де жалғасуда. Бүгін 60 келідегі Айдлос Сұлтанғали мен 130 келідегі Әлімхан Сыздықов кілемге шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987205-qazaqstandyq-tort-baluan-alem-cempionatynyn-birinsi-ainalymynan-asa-almady/

pixel