Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен әлем чемпионаты: Бекболатов пен Магомадов қола жүлдеге таласады

Опубликовано:

Аманғали Бекболатов қола жүлдеге таласады
Аманғали Бекболатов. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екі қазақстандық балуан қола медаль үшін кілемге шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 55 келі салмақта ел намысын қорғаған Аманғали Бекболатов жартылай финалда жеңіліс тапты. Ол 2019 жылғы әлем чемпионы Нугзари Цурцумиядан ұтылған болатын.

Осылайша, Аманғали әлем чемпионатының қола медаліне таласады. Оның кіші финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Жасурбек Ортукбеков.

Ал 72 келіде сынға түскен Ибрагим Магомадов турнирдің 1/8 айналымында әзірбайжандық балуаннан жеңілген еді. Өз кезегінде әзірбайжандық спортшы финалға шығып, Магомадов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Жұбаныш белдесуінде Ибрагим болгариялық қарсыласын 4:0 есебімен жеңді. Оның қола медаль үшін өтетін кездесудегі қарсыласы - түркиялық Сельчук Кан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987208-kuresten-alem-cempionaty-bekbolatov-pen-magomadov-qola-zuldege-talasady/

pixel