Екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдесінен айырылып қалды

Опубликовано:

Екі қазақстандық балуан қоладан айырып қалды
Аманғали Бекболатов. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдеге таласқан екі қазақстандық балуан жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аманғали Бекболатов қола медаль үшін күресте өзбекстандық балуанға жол берді. Ол Жасурбек Ортукбековті 5:0 есебімен ұтып жатып, 5:9 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, қола медальдан қағылып, бесінші орынды қанағат тұтты.

72 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Магомад Ибрагимов те осы жетістікпен тоқтады. Ол кіші финалда түркиялық Кан Сельчукпен күресіп, белдесу 3:3 есебімен аяқталды. Алайда соңғы ұпайды қарсыласы алғандықтан, жеңіс Түркия балуанының қанжығасында кетті.

Осылайша, қазақстандық спортшылар медаль алатын мүмкіндіктен айырылды. Ертең грек-рим күресінен тағы екі салмақтағы балуандарымыз кілемге шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1987221-eki-qazaqstandyq-baluan-alem-cempionatynyn-qola-zuldesinen-aiyrylyp-qaldy/