Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды

Опубликовано:

Геннадий Головкин.
Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз Лас-Вегасқа ұшып барған сәтін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз", - деп жазды GGG.

Кадрдан Головкин мен оның командасының Сауль Альвареспен кездесуі өтетін қалаға жеке ұшақпен келгенін байқауға болады.

Айта кетейік, отандасымыз мексикалық боксшымен жекпе-жекпе Калифорнияда дайындалған болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйек күні өтеді. Бұл екі боксшы арасындағы үшінші кездесу болмақ.

Бірінші жекпе-жекте төрешілер тең есеп тіркесе, екінші кездесуде ұпай санымен Альварес жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1987294-golovkin-las-vegasqa-usyp-bardy/

pixel