Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдос Сұлтанғали. Фото: uww.org

Күрес түрлерінен Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Айдос Сұлтанғали жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсетін Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының финалына жолдама алуға тырысады.

Ол алғашқы айналымда румыниялық балуанды, кейін армениялық спортшыны жеңді.

Ал ширек финалда қытайлық қарсыласын 7:1 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Айдосты адуынды қарсылас күтіп тұр. Ол Азия чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері әрі әлем кубогінің иегері Жоламан Шаршенбековке қарсы шығады.

Сондай-ақ, бүгін кілемге шыққан аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов ирандық балуанға 0:5 есебімен жол берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987378-aidos-sultangali-kuresten-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel