Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрғожа Қайпановтың әйелі Олимпиада чемпионынан ірі есеппен ұтылып қалды

Опубликовано:

Марина Седнева ірі есепттен жеңілді
Марина Седнева. Фото: olympic.kz

Күрестен әлем чемпионатында балуан қыздар бәсекесі басталды. Қазақстан әйелдер командасының сапынан кілемге шыққан екі спортшы да бүгін жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

55 келіде кілемге шыққан Марина Седнева Токио Олимпиадасының чемпионы Маю Мукаидиге 0:10 есебімен жол берді. Егер Маю әлем чемпионатының финалына шықса, Маринаның жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндігі туады.

Айта кетелік, Марина Седневаның күйеуі Нұрғожа Қайпанов та жарысқа қатысып жатыр. Ол еркін күрестен 74 келі салмақта бақ сынайды.

62 келіде сынға түскен Аяулым Қасымова үндістандық Сонам Сонамнан жеңіліп 0:8 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін қазақстандық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келі салмақта жартылай финалдық кездесуге қатысады.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Сербия астанасы Белградта өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1987399-nurgoza-qaipanovtyn-aieli-olimpiada-cempionynan-isi-eseppen-utylyp-qaldy/

pixel