Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Сұлтанғали қырғыз балуанына ірі есеппен жол берді

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали жартылай финалда ұтылып қалды
Айдос Сұлтанғали: olympic.kz

Күрес түрлерінен Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Айдос Сұлтанғали қола медальға таласады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

60 келіде ел намысын қорғаған Айдос жартылай финалда қырғызстандық Жоламан Шәршенбековпен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, аталған кездесуде Айдос Сұлтанғали 0:7 есебімен қарсыласқа есе жіберді.

Енді ол қола жүлдеге таласады. Аталған белдесу 13 қыркүйек күні 22:00-де басталады.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшелері Амангелді Бекболатов пен Ибрагим Магомадов қола жүлде үшін күресіп, ұтылып қалған болатын.

Әзірге Қазақстан командасының еншісінде бірде-бір медаль жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1987406-aidos-sultangali-qyrgyz-baluanyna-iri-eseppen-zol-berdi/

pixel