Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекті қайдан көруге болады

Опубликовано:

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин жекпе-жегін қайдан көруге болады
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин: inbusiness.kz

18 қыркүйекке қараған түні қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен жекпе-жек басталады. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті отандық телеарна көрсетеді, деп хабарлайды Sputnіk сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 5 шамасына жоспарланған.

Ал екі боксшының шаршы алаңға шығатын уақыты елорда уақытымен 08.00-ден кейін басталады. Кездесуді отандық Qazsport арнасы көрсетеді деп күтілуде.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Айта кетелік, Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек орта салмақта ұйымдастырылмақ.

Қазақстандық және мексикалық боксшылардың арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

Бұл екі боксшы арасындағы қорытынды жекпе-жек болмақ.

Қазіргі мәліметке сәйкес, Головкин де, "Канело" да Лас-Вегасқа ұшып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1987466-golovkin-men-alvares-arasyndagy-zekpe-zekti-qaidan-koruge-bolady/

pixel