"Жалғыз жүлде": Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қоласын жеңіп алды

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали жартылай финалда ұтылып қалды
Айдос Сұлтанғали: olympic.kz

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. 60 келідегі Айдос Сұлтанғали турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдос грек-рим күресінен бақ сынап, қола медаль үшін өткен кездесуде венгриялық Кристиан Кечкеметиді 7:1 есебімен жеңді. Осылайша, ол классикалық күрестен Қазақстан командасы сапында жүлде алған жалғыз спортшы атанып отыр.

Айдос әлем чемпионатының жартылай финалында қырғызстандық Жоламан Шәршенбековке есе жіберіп, ақтық сынға шыға алмаған болатын.

Айдос Сұлтанғали Қызылорда облысының тумасы. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі 2021 жылғы Азия чемпионы саналады.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы бұл жарысты бір медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Ибрагим Магомадов (72 келі) қола жүлдеге таласып, ұтылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1987596-zalgyz-zulde-aidos-sultangali-grek-rim-kuresinen-alem-cempionatynyn-qolasyn-zenip-aldy/