Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" өз алаңындағы алғашқы матчта "Тракторды" жеңді

Опубликовано:

"Барыс" ҚХЛ-да бірінші жеңісіне қол жеткізді
Кирилл Савицкий. Фото: hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Барыс" өз алаңында "Тракторды" қабылдады. Тартысты матчта 3:1 есебімен елордалық команда жеңіске жетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы шайбаны Кирилл Савицкийден дәл пас алған Линден Вей соқты. Бұл кезде ойынның алтыншы минуты өтіп жатқан.

Ал екінші шайбаны Савицкидің өзі қақпаға енгізді. "Барыстың" үшінші шайбасы тағы да Вейдің еншісіне жазылды.

"Трактор" сапынан Пулкиннен бір рет көзге түскен.

Бұл "Барыстың" биылғы маусымда алғашқы жеңісі. 15 қыркүйек күні астаналықтар Омбының "Авангард" клубын қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1987602-barys-oz-alanyndagy-algasqy-matcta-traktordy-zendi/

pixel