Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

US Open турниріндегі сәтсіздіктен соң Рыбакина маңызды жеңіске қол жеткізді

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторождағы (Словения) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 66-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен шеберлік байқасты.

Елена Рыбакина бірінші партияда 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты геймді алды - 6:4. Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 92-ракеткасы, украиналық Леся Цуренкомен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1987805-us-open-turnirindegi-satsizdikten-son-rybakina-manyzdy-zeniske-qol-zetkizdi/

pixel