Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дамир Исмагулов UFC рейтингінде жоғарылады

Опубликовано:

Дамир Исмагулов
Фото: Getty Images/ Jeff Bottari / Contributor

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жектің шебері Дамир Исмагулов UFC (Ultimate Fighting Championship) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұйымның жаңартылған рейтингінде Дамир бірден үш сатыға көтерілді. Қазіргі уақытта ол 12-сатыда тұр. Ал он бірінші орынға атақты ирландиялық Конор Макгрегор жайғасқан.

Нейт Диастан жеңілген Тони Фергюсон болса рейтингте төменге сырғып, ТОП-15-ті қорытындылап тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ файтері Дамир Исмагұлов Грузиядан шыққан швед спортшысы Гурам Кутателадзені жеңіп, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген еді.

Файтерлер арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында UFC on ESPN 37 турнирі аясында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1987812-damir-ismagulov-ufc-reitinginde-zogarylady/

pixel