Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнайы шақырды": Димаш Құдайберген Головкиннің жекпе-жегінде еліміздің әнұранын шырқайды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген Геннадий Головкиннің жекпе-жегінде әнұран орындайды
Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин: instagram/kudaibergenov.dimash

17 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жекте еліміздің әнұранын Димаш Құдайберген орындайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті.

"Еліміздің мақтаныштары бір алаңда бірге өнер көрсетпек! Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығымыз бар.

Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтетін GGG - Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген мемлекеттік әнұранымызды орындап, батырымызға қолдау көрсетеді жоспарлануда", - деп жазылған Димаштың ресми парақшасында.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес үшінші рет кездескелі отыр. Бірінші жекпе-жекте тең есеп тіркелсе, екінші кездесуде ұпай санымен "Канело" жеңіске жетті.

Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1987888-arnaiy-saqyrdy-dimas-qudaibergen-golovkinnin-zekpe-zeginde-elimizdin-anuranyn-syrqaidy/

pixel