Чемпиондар лигасы: Аптаның ең үздік голын кім соққаны белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Нападающий Эрлинг Холанд
Эрлинг Холанд. Фото: twitter.com/ManCity/

"Манчестер сити" шабуылшысы Эрлинг Холандтың дортмундтық "Боруссия" қақпасына соққан голы осы аптадағы Чемпиондар лигасының ең үздік голы деп танылды. Бұл туралы Sports.ru хабарлады.

Матчтың 84 минутында шабуылшы өзінің бұрынғы клубына жеңісті голды соқты. Есеп 2:1.

Эрлинг Холандқа нәтижелі пас берген Жуан Канселу.

Сонымен қатар Чемпиондар лигасында аптаның ең үздік голы атағына "Спортинг" жартылай қорғаушысы Артур Гоместің "Тоттенхэм" (2:0), "Динамо Загребтің" жартылай қорғаушысы Мислав Орсичтің "Милан" (1:3) және "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Джон Стоунздың "Боруссия" қақпасына соққан голдары үміткер болды.

Айта кетейік, екі турдан кейін G тобында алты ұпаймен "Манчестер Сити" көш бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1987983-cempiondar-ligasy-aptanyn-en-uzdik-golyn-kim-soqqany-belgili-boldy-video/