Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойыншылар түгел ауырған": Астаналық клубтың 17 хоккейшісі инфекция жұқтырып, матчқа шыққан жоқ

Опубликовано:

"Номад" хоккей клубының 17 ойыншысы ауырып қалды
"Номад" хоккей клубы: hcbarys.kz

Хоккейден Қазақстан Pro Ligasy аясында кездесуі тиіс "Алматы" мен "Номад" арасындағы екі кездесу өтпей қалды. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Екі команда арасындағы екі кездесудің өтпей қалуына "Номад" хоккейшілерінің ауырып қалғаны себеп болған.

"15-16 қыркүйекке жоспарланған "Алматы" мен "Номад" клубтарының арасындағы кездесу өтпейді. "Номад" клубындағы 17 хоккейші (ішінде 2 қақпашы бар) вирусты инфекциямен ауырып қалды. Ал "Алматыға" қарсы ойнайтын тағы да қосымша ойыншылар командада жоқ. Сол себепті, ҚХФ республикалық жарыс жөніндегі бөлімі екі кездесуді өткізбеу туралы шешім шығарды", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, "Номад" әзірге үш ұпаймен бесінші орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1988027-oiynsylar-tugel-auyrgan-astanalyq-nomad-klubynyn-17-xokkeisisi-infekciya-zuqtyryp-matcqa-syqqan-zoq/

pixel