Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың тарихындағы алғашқы бәйге өтпек

Опубликовано:

байга
Фото: Parimatch Kazakhstan

Осы демалыс күндері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қор мен Parimatch Kazakhstan №1 онлайн-букмекерінің қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы бәйге өтеді.

18 қыркүйекте қазақтың аса көрнекті саяси қайраткері, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылады. Осы айтулы оқиғаға орай Алматы ипподромында сағат 10:00-де бәйге өтеді, оған Қазақстаннан ғана емес, көршілес ТМД елдерінен де 5 000-нан астам шабандоз қатысады.

байга
Фото: Parimatch Kazakhstan
"110 жылдық мерейтой – біз халықпен бірге тойлауды ұйғарған маңызды оқиға. Мерейтойдың форматы ретінде бәйге кездейсоқ таңдалған жоқ, бәйге біз үшін ұлттық және патриоттық спорт түрлерінің бірі. Бұл біздің қор тарихындағы алғашқы бәйге, оған көптен бері дайындалдық. Біз ғана емес, көптеген шабандоздар да қыс мезгілінен бастап аттарын дайындай бастағанын білемін. Көптеген шабандоздардың дайындық деңгейі өте жақсы, сондықтан тартыс әсерлі болатынына сенімдімін", - деп өз пікірін бөлісті Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Елдар Асқарұлы Қонаев.
байга
Фото: Parimatch Kazakhstan

Бәйге 3 шақырымға тай жарыс, 9 шақырымға құнан бәйге, 15 шақырымға жоғарғы бәйге және 21 шақырымға аламан бәйге сынды төрт санат бойынша әртүрлі қашықтықта өтеді. Әр санат бойынша 7 жүлде жоспарланған. Қатысушыларға үлкен жүлде қоры үшін күресуге тура келеді - бірінші орындарға автокөліктер тігілді.

байга
Фото: Parimatch Kazakhstan

Жарыстан бөлек, ұйымдастырушылар жиналған қауымға эстрада әншілерінің қатысуымен өтетін көңілді бағдарлама әзірлеген, сонымен қатар аталған шарада ұтыс ойындары өтіп, қонақтарға тәттілер ұсынылады. Алдағы салтанатты шара туралы өз ойын ұйымдастырушылар тарапынан Parimatch Kazakhstan Бас директоры Роман Бойко былай жеткізді:

байге
Фото: Parimatch Kazakhstan
"Біз осындай айтулы шараға өз үлесімізді қоса алғанымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, мұндай іс-шараға ат салысу Parimatch үшін де жаңа тәжірибе болып табылмақ. Біз үшін бұл мүмкіндік ұлттық спортқа, әсіресе, бәйге сияқты спорт түрлеріне одан әрі интеграциялану үшін өзіндік сынақ және серпін болып табылады. Қазақ халқы үшін жылқының қаншалықты маңызды екенін, Еуропада қазақ шабандоздары қаншалықты бағаланатынын да білемін. Сол себепті біз мұндай бастамаларды әрі қарай да қолдауға мүдделіміз деп нық сеніммен айта аламын".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988195-dinmuxamed-qonaev-atyndagy-xalyqaralyq-qordyn-tarixyndagy-algasqy-baige-otpek/

pixel