Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыржан Жүкембаев Головкиннің жекпе-жегіне қатысты болжам жасады

Опубликовано:

Батыр Жүкембаев
Фото: Батыржан Жүкембаев командасының мұрағатынан

Қазақстандық боксшы Батыржан Жүкембаев Parimatch беттинг-компаниясына берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек туралы өз пікірін бөлісті.

"777" лақап атымен танылған Батыр Жүкембаев өзінің бокс мансабында 200-ден астам жекпе-жек өткізді. Олардың 21-і кәсіби рингте өтті және 18-і жеңіспен, бір ғана жекпе-жегі жеңіліспен аяқталды. Оның мынадай рекордтары бар: IBF Inter-Continental және IBO International нұсқаларының халықаралық чемпионы, сондай-ақ WBA Continental Americas және WBC Continental Americas нұсқалары бойынша бірінші салмақ дәрежесіндегі Америка континентінің чемпионы.

Жүкембаев, барлық отандасы секілді, Головкинге жанкүйер, бірақ жекпе-жектің нәтижесі айқын екеніне сенімді емес.

Батыржанның пікірінше, Головкин Штаттарда өнер көрсету туралы дұрыс шешім қабылдаған:

"Бұндай шешім өте сәтті болды. Сол уақытта HBO өте танымал болған. Головкиннің мен үшін ең жарқын жекпе-жегі ретінде, әрине, Канеломен шайқасын атап өтер едім. Мен оны өз көзіммен көрдім және Головкин бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті деп санаймын, ал екінші жекпе-жекте тең ұпай беру әділетті болар еді. Генаның жекпе-жек техникасы өте әдемі және қызықты, бұл жанкүйерлердің көңілінен шығады. Оның әр рингке шығуы жарқын және әсерлі оқиғаға айналады", - дейді Жүкембаев.

Әйгілі GGG және Канело трилогиясы 2017 жылы басталған, бірақ Жүкембаев бұл шайқастың түп тарихы 2015 жылы, Головкиннің төрт салмақ дәрежесінде титулдарды жеңіп алған атақты Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Коттомен болған жекпе-жегінен бастау алады деп есептейді. Головкиннің командасы қарсыластарының тізімін атақты жауынгерлермен толықтыруға тырысты. Ол кезде Котто тізімде келесі болған, бірақ ол Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін бас тартты. Сол кезеңде Головкин атақты канадалық Давид Лемьеге қарсы шығып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

"Коттоның Альвареспен шайқасы қаржы жағынан тиімді болды. Сол уақытта Канело орташа салмаққа көшкен еді. Ал Головкин орташа салмақта сенімді түрде қанжығасына жеңістер байлап жүрді, ол Келл Брук пен мықты Джейкобсты жеңді, ал НВО бұл жекпе-жекке көптің қызығушылығын белсенді түрде арттыра бастады. 2017 жылы әсерлі шайқас басталды. Альварес гонорар және салмақ дәрежесі бойынша ең қолайлы болды", - дейді Жүкембаев.

Жекпе-жек қарсаңында Мигель Котто Головкин үшін бұл кездесу үлкен жеңіске жетудің соңғы мүмкіндігі екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық чемпион 40 жасқа толды, бұл өз мансабын әлеуетті аяқтау туралы көптеген қауесет пен әйгілі спортшының физикалық мүмкіндіктеріне күмән тудырды. Жүкембаев Головкин үшін ең қиын жекпе-жектер соңғы шайқастар болғанын атап өтті.

"Деревянченкомен жекпе-жекті мысалға келтіруге болады. Головкин барлық қабілетін көрсете алмады. Кейінірек ағасы Максиммен сөйлескенде, барлық мәселе сол кездегі оның денсаулығына байланысты екенін білдім. Бокс тарихында 40 жасында рингте өнер көрсететін және бірнеше титулдарының иегері болып табылатын чемпиондар өте аз. Геннадий бокс мансабында тарих жасады және оны ешкім тартып ала алмайды. Үшінші жекпе-жекте нағыз шайқас болады. Біз Головкиннің жеңісіне сенеміз", - дейді Жүкембаев.

Халық батырының көптен күткен жекпе-жегіне ұтыс тігіңіз және Parimatch-тан iPhone 14 және 2 000 000 теңге ұтысына қатысыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988231-batyrzan-zukembaev-golovkinnin-zekpe-zegine-qatysty-bolzam-zasady/

pixel