Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатының қоласын жеңіп алды

Опубликовано:

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды
Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков қола медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Азамат қола медаль үшін күресте Пуэрто-Рико балуанымен кездесіп, 10:0 есебімен басым түсті.

Бұл Азаматтың өз мансабындағы, еркін күрестен Қазақстан командасының осы чемпионаттағы алғашқы жүлдесін алып отыр.

Әлем чемпионатының жартыла финалында Азамат Дәулетбеков америкалық Дэвид Тейлордан ұтылған болатын.

Одан бөлек, Дәулетбеков биылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988268-azamat-dauletbekov-erkin-kuresten-alem-cempionatynyn-qolasyn-zenip-aldy/