Кімнің салмағы ауыр: Головкин мен Канело жекпе-жек алдында салмақтарын өлшеді (видео)

Опубликовано:

Головкин мен Канело
Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің көз түйістіру сәті. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Геннадий Головкин мен оның келесі қарсыласы мексикалық Сауль Канело Альварес салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістіру жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы – 167,8 фунтты көрсетсе (76,11 келі), Канелоның салмағы – 167,4 фунт (75,93 келі) болды.

Осылайша, екі боксшы да супер орта салмаққа белгіленген межені – 168 фунтты (76,2 келі) сәтті орындады.

Бұдан кейін спортшылар көз түйістіру жекпе-жегінің қорытынды рәсімін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйек күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді.

Бұл жолы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Ал Головкин үшін бұл оның мансабындағы орта салмақта өткізбейтін алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988279-kimnin-salmagy-auyr-golovkin-men-kanelo-zekpe-zek-aldynda-salmaqtaryn-olsedi-video/