Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Ахмедов белгілі америкалық боксшыны ұтты

Опубликовано:

Әли Ахмедов
Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Лас-Вегаста Геннадий Головкин - Сауль "Канело" Альварес арасындағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ахмедов америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты.

Супер орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланды және кездесуде IBF (Солтүстік Америка), WBC Silver титулдары сарапқа салынды.

Нәтижесінде айқас соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен отандасымыз қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы 19-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Габриель Росадо 2013 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтастасқан болатын. Ол кездесуде америкалық боксшы нокаутқа түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988333-ali-axmedov-ggg-nokautqa-tusirgen-belgili-bokssyny-utty/

pixel