Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауль Альварестен жеңілген Геннадий Головкин маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

былғары қолғап шебері
Геннадий Головкин. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін спорттық мансабына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз бұл сұраққа жекпе-жектің нәтижеci жарияланғаннан кейін бірден жауап берді.

"Әрине, мен қаламын. Менің үлкен жоспарларым бар. Мен "Канелоны", барлық жанкүйерлер мен бокс сүйер қауымды құттықтаймын. Естеріңізде болсын, менде тағы үш чемпиондық атақ бар. Мен қайтып келемін. Мен әлі чемпионмын", - деді Головкин.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Лас-Вегаста T-Mobile кешенінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы жекпе-жек өтті. Кездесу қазақстандықтың жеңілісімен аяқталды.

Бұл былғары қолғап шеберлерінің арасындағы үшінші айқас.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған сын тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988369-saul-alvaresten-zenilgen-gennadii-golovkin-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel