Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина WTA сериясындағы турнирдің финалында сәтсіздікке ұшырады

Опубликовано:

Елена Рыбакин кезекті матчын өткізіп жатыр
Елена Рыбакина кортта. Фото: Frank Molter/picture alliance via Getty Images

Қазақстандық теннисші, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Порторождағы (Словения) WTA сериясындағы турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шешуші матчта отандасымыз чехиялық Катерина Синяковамен кездесті. Матч үш сетке созылды. Нәтижесінде Елена Рыбакина қарсыласына 6:7, 7:6, 6:4 есебімен есе жіберді.

Кортта Рыбакина мен Синякова үш сағат бір минут өткізді. Белгілі болғандай, отандасымыз алты рет шабуыл жасап, бес мәрте қателік жіберген.

Финалдағы жеңілісіне қарамастан Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын жақсарты.

Айта кетейік, бұған дейін үлкен теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988444-elena-rybakina-wta-seriyasyndagy-turnirdin-finalynda-satsizdikke-usyrady/

pixel