Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эльжана Таниева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Опубликовано:

Эльжана Таниева әлем чемпионатында, София (Болгария)
Эльжана Таниева: figymnastics.com

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Аталған сынға Әлия Юсупова бастаған Қазақстан құрамасы да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жекелей сында Эльжана Таниева сегізінші орын алды. Бұл Әлия Юсупова өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық гимнастар көрсетіп отырған жоғарғы нәтиже. Юсуповадан кейін отандық спортшылар әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енбеген.

Көпсайыс қорытындысы бойынша италиялық София Рафаэлли жеңіске жетті. Күміс медальді германиялық Дарья Ворфоломеев, қоланы Стиляна Николова иеленді.

Сондай-ақ, Таниева аталған әлем чемпионатында Азия құрлығындағы ең жоғарғы нәтижені көрсетті.

Ал топтық жаттығудан Қазақстан командасы 24-орын иеленіп, 2023 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988554-elzana-tanieva-alem-cempionatynda-uzdik-ondyqqa-kirdi/

pixel