Мейірім Нұрсұлтанов IBF рейтингінде төменге сырғыды

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңда. Фото: David Spagnolo/Main Events

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, кейбір қазақстандық боксшылардың орындары өзгерген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов бір саты төменге сырғыды. Бұған дейін ол он төртінші орында болса, қазір үздік он бес боксшыны қорытындылап тұр.

Сұлтан Заурбек екінші жеңіл салмақта жоғарылады. Бір позицияға көтерілген отандасымыздың 13-сатыға жайғасқаны анықталып отыр.

Айта кетейік, орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкин әлем чемпионы атанды. Ол кеше, 18 қыркүйекте мексикалық қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен төрешілердің шешімімен ұтылды.

Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті.

Кездесуден кейін GGG қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдіріп, мансабына байланысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988563-meiirim-nursultanov-ibf-reitinginde-tomenge-syrgydy/