Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы UFC чемпионы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады

Опубликовано:

Жозе Альдо
Жозе Альдо октагонда. Фото: Alex Goodlett/Getty Images

Аты аңызға айналған бразилиялық аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақтағы UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Жозе Альдо спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды mmafighting.com.

36 жастағы Жозе Альдоның UFC-мен келісімшарты болды. Оған сәйкес спортшы тағы бір жекпе-жек өткізуге құқылы еді. Алайда бразилиялық лиганың өкілдерімен октагонға шықпай-ақ, келісімшартты бұзуға келісті.

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері 2011 жылы UFC-де дебют жасады. Жеңіл салмақтағы чемпион ретінде ол өз атағын жеті рет сәтті қорғаған.

Бразилиялық титулынан 2015 жылы айырылып қалды. Ол кезде Жозе Альдо ирландиялық Конор Макгрегордан жеңілген еді.

Бұрынғы чемпион соңғы жекпе-жегін ағымдағы жылдың тамыз айында өткізді. Ол кезде аралас жекпе жек шебері Грузия спортшысы Мераб Двалишвилиден ұтылды.

Айта кетейік, UFC аясында ол октагонға 20 рет шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1988631-buryngy-ufc-cempiony-mansabyn-ayaqtau-turaly-sesim-qabyldady/

pixel