Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да ауыл тұрғындары Головкин-"Канело" жекпе-жегін қой қырқып отырып тамашалады

Опубликовано:

Головкиннің жанкүйерлері
Головкинге жанкүйер болған ауыл тұрғындары. Фото: СКО_GGG/Youtube

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары Головкиннің жекпе-жегін қой қырқып отырып тамашалады. Оның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тұрғындары жекпе-жекті "өндірістен қол үзбей" тамашалады.

Олар теледидарды үй ауласына шығарып, қос боксшы арасындағы кездесуді тамашалап қана қоймай, күнделікті тіршілікті де жасады.

Кадрдан жергілікті тұрғындардың жекпе-жекті эмоциямен көріп жатқан уақытта төрт түліктердің тыныш жатқанын байқауға болады.

Өкінішке қарай, отандасымыз Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен төрешілердің шешімімен ұтылып қалды. Есесіне қазақстандық бокс жанкүйерлері өз кумиріне деген адалдығын растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988643-sqo-da-auyl-turgyndary-golovkin-kanelo-zekpe-zegin-qoi-qyrqyp-otyryp-tamasalady/

pixel