"Канело" трилогиядан кейін Головкинге қандай көзқараста екенін айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жектен кейін. 18 қыркүйек. Фото: Sarah Stier/Getty Images

Супер орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль "Канело" Альварес қарсыласы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жектен кейін рингте неліктен татуласқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылар арасындағы үшінші кездесу 18 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті.

Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен Сауль Альварес жеңімпаз атанды.

Жекпе-жектен кейін екі спортшы да ыза-кекті ұмытып, жеке келіспеушіліктерді артта қалдырғанын айтты.

"Мен оны жауынгер ретінде құрметтеймін. Адам ретінде ештеңе білмеймін. Бірақ мен бұл деңгейге түспеймін, өйткені өзімді жақсы адам деп санаймын.

Сондықтан мен оған: "Мен сенімен шаршы алаңға шыққаныме қуаныштымын. Біз жанкүйерлерге үш керемет жекпе-жек сыйладық" дедім. Мен онымен бокс тарихына енетін осы үш жекпе-жекті өткізгеніме өте қуаныштымын. Мен әлемдегі ең үздік боксшының бірі Геннадий Головкинді жеңе алғаныма қуаныштымын. Болашақта менде осыған ұқсас қарым-қатынас жасай алатын басқа спортшы пайда болуы мүмкін. Білесіздер бе, бізде үш үлкен жекпе-жек болды. Мен оны жауынгер ретінде құрметтеймін", - деді Канело Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988654-kanelo-trilogiyadan-keiin-golovkinge-qandai-kozqarasta-ekenin-aitty/