Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңсені түсірмеңіздер": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қашан оралатынын айтып, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі былғары қолғап шеберінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Біз бармыз, ағайын. Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк туды желбіретеміз, бұйыртса.

Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады. Біз қауіпті қарсыласпыз. Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады!

Біз өз жолымызды салдық! Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық

Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз. Жеңісті күнде жолығайық!" - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, 26 тамызда Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жариялады.

Бұл атақ негізі америкалық боксшы Деметриус Андрадеге тиесілі болатын. Алайда ол өз атағын қорғау үшін Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартып, басқа салмаққа ауысып кетті.

Осыдан соң, WBO қазақстандық боксшыны ресми түрде чемпион деп жариялады.

Жәнібек Әлімханұлын бокстағы айтулы жетістігімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1988713-enseni-tusirmenizder-zanibek-alimxanuly-zankuierlerine-undeu-zasady/

pixel