Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Дмитрий Балландин 27 жасында мансабын аяқтады

Опубликовано:

Дмитрий Баландин
Дмитрий Баландиннің жеңіс тұғырынан көрінген сәт. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин 27 жасында мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қазақстандық спортшы, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және Ұлттық құрамасының бас бапкері Илья Гусаковпен кездескен.

Олар cу спорты түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму барысын айтып, біраз жоспарларды талқыға салды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Дмитрий Баландин спорттағы карьерасын аяқтап, бапкерлікке бет бұрған.

Комитет төрағасы өз кезегінде Дмитрий Баландин дайындаған жас спортшылардан әлі талай чемпиондардың шығатынына сенетінін жеткізді.

"Барлық спортшылар өзің секілді Олимпиада шыңын бағындырғаннан кейін, спорттан алыстамай, сол саланың дамуына үлес қосуы керек. Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін. Біз өз тарапымыздан қашанда қолдауға дайынбыз " -деді Самат. Ерғалиев.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш спортшы. Ол 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында брасс әдісімен 200 метрге жүзуден чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1988766-olimpiada-cempiony-dmitrii-ballandin-27-zasynda-mansabyn-ayaqtady/

pixel