Өз салмағына қайта оралған Елдос Сметов әлем чемпионатына қатысатын болды

Опубликовано:

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

6 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Қазақстан командасының бас бапкері аталған сынға қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ташкентте Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімі төмендегідей.

Ерлер:

60 келі: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

73 келі; Данияр Шамшаев

81 келі: Абылайхан Жұбаназар

90 келі: Дидар Хамза

100 келі: Ислам Бозбаев, Шархан Нұрлыхан

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Айта кетелік, биылғы маусымда Елдос Сметов 66 келіге ауысқан болатын. Алайда аталған салмаққа бой үйрете алмай, 60 келіге қайта оралды.

Әйелдер:

48 келі: Абиба Абужакынова

52 келі: Гаухар Ирмагамбетова

57 келі: Севара Нышанбаева

63 келі: Мөлдир Нарынова, Есмигүл Куюлова

70 келі: Анастасия Маякова

78 келі: Аруна Жангелдина

+78 келі: Камила Берліқаш

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988779-oz-salmagyna-qaita-oralgan-eldos-smetov-alem-cempionatyna-qatysatyn-boldy/