"Барыс" өз айдынында өткен кездесуде үздік команда "Автомобилисті" ұтып кетті

Опубликовано:

"Барыс" пен "Автомобилист" ойыны. 20 қыркүйек 2022 жыл
"Барыс" өз айдынында "Автомобилистң" жеңді. Фото: hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық "Барыс" өз айдынында Екатеринбургтың "Автомобилист" командасын қабылдап, жеңіске жетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шығыс" конференциясында өткен екі клуб арасындағы кездесуде "Барыс" 2:0 есебімен жеңді.

Ойынның бесінші минутында Энтони Луис есеп ашып, команданы алға шығарды. Ал 18 минутта Аркадий Шестаков есепті еселеді.

Бұл матчта "Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачек команда жейдесімен тұңғыш рет айдынға шығып, 36 шайбаны қақпаға дарытқан жоқ.

"Барыс аренада" өткен кездесуді жалпы есебі 5175 жанкүйер тамашалады.

Қатарынан екі матчта жеңіске жеткен "Барыс" 24 қыркүйек күні сырт айдында "Северстальға" қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988781-barys-oz-aidynynda-otken-kezdesude-uzdik-komanda-avtomobilisti-utyp-ketti/