Волейболдан Қазақстан командасы әлем чемпионатына қатысу үшін Нидерландқа аттанды

Опубликовано:

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы. Гран-при турнирі, 2015 жыл
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы: volley.kz

Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатына қатысу үшін Нидерландқа ұшып кетті. Бұл туралы "Алтай" волейбол клубы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлем чемпионатын биыл екі мемлекет қабылдайды. Атап айтар болсақ, Нидерланд пен Польша биылғы біріншілікті бірлесіп өткізеді.

Волейболшылар бәсекесі 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығына жоспарланған.

Сана Анарқұлова бастаған Қазақстан командасы "С" тобында өнер көрсетеді. Бұл топта АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада құрамалары да сынға түседі.

Әлем чемпионатына 24 команда қатысады. Олардың әрқайсысы 4 топтан алты командаға бөлінген.

Айта кетелік, волейболдан Қазақстан әйелдер командасы осымен бесінші рет әлем біріншілігіне қатысқалы отыр. Бұған дейін қазақстандықтар 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдары өткен әлемдік додада бақ сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1988784-voleiboldan-qazaqstan-komandasy-alem-cempionatyna-qatysu-usin-niderlandqa-attandy/