Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду қанша жасқа дейін футбол ойнағысы келетінін айтты

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду жасыл алаңда. Фото: pixabay.com

Футбол жұлдызы, "Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.ru.

"Ұлттық құраманың тағы бірнеше жыл маңызды бөлшегі боламын деп ойлаймын. Мен әлі де ынталымын, амбицияларым өте жоғары. Ұлттық құрамадағы жолым әлі аяқталған жоқ.

Бізде таланты жас ойыншылар көп. Мен әлем чемпионатында өнер көрсетемін және Еуропа чемпионатына қатысқым келеді", - деді 37 жастағы шабуылшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Ал Еуро-2024 турнирі Германияда болады. Іріктеу турнирінің жеребесі 9 қазанға жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1988869-kristianu-ronaldu-qansa-zasqa-deiin-futbol-oinagysy-keletinin-aitty/

pixel